Қызылорда облысындағы кен орындарында жағдай тұрақты
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысындағы «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның кен орындарында 2019-2020 жж.күзгі-қысқы кезеңі апатсыз режимде өтуде.2020 жылғы 21 қаңтардағы жедел ақпаратқа сәйкес:
- «Құмкөл» кен орнының газтурбиналық электр станциясында №2,4,5 ГТУ газтурбиналық қондырғылары жұмыс істеуде, №1 ГТУ резервте, №3 ГТУ жоспарлы жөндеуде, электр энергиясының сағаттық орташа тәуліктік өндірілуі 42,8 МВт құрайды және «Құмкөл» кен орнында электр энергиясының қажеттілігін 73%-ға жабады;
- «Арысқұм» кен орнының газ-поршенді электр станциясында №1,2,3,4 ГПУ қуаттылығы әрқайсысы 3,0 МВт болатын барлық газ-поршенді қондырғылары жұмыс істеуде, электр энергиясын өндіру 6,44 МВт құрайды және «Арысқұм» кен орнында электр энергиясының қажеттілігін 100%-ға жабады;
- «Майбұлақ» кен орнының газ-поршенді электр станциясында қуаты 1,0 МВт болатын №1 ГПУ газ-поршенді қондырғысы жұмыс істеуде, №2 ГТУ резервте, электр энергиясын өндіру 0,16 МВт құрайды, «Майбұлақ» кен орнындағы дизельді электр станцияларымен бірлесіп, электр энергиясын қажеттілікті 100%-ға жабады;
- «Оңтүстік-Шығыс Қызылқия» кен орнының газ-поршенді электр станциясында №1,2,3,4 ГПУ газ-поршенді қондырғылары жұмысында электр энергиясын өндіру 0,66 МВт құрайды және кен орнындағы дизельді электр станцияларымен бірлесе отырып электр энергиясын қажеттілікті 100%-ға жабады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің
Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ