Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бала болмысын бұзатын 10 сөзді білесіз бе?

Бала болмысын бұзатын 10 сөзді білесіз бе?

Ғалымдардың зерттеуі бойынша бала жасөспірім шаққа дейін ата-анасынан 16 мың сөгіс сөз еститін көрінеді. Мұның әсері суық қарудан да асып түсуі мүмкін, деп хабарлайды Muslim.kz басылымы.

1. Сөгу
Хайуандарға балай отырып баланы сөгу. Мысалы, ит, есек, өгіз, ей, хайуан деген сөздерді қолданбаңыз.
2. Қорлау
Теріс сипаттармен тілдеу. Мысалы, кәззап, семіз, ақсақ, арам, бейшара. Бұндай сөздер - бұғанасы қатпаған баланың жүрегіне дақ салатыны ақиқат.
3. Теңеу
Әр баланың басқаға ұқсамайтын өзінің бейімі мен қолынан келетін икемі болады. Ал басқа біреумен теңеу – баланы кемсіту. Бұндай жағдайда бала бойындағы өзіне деген сенімділікті жояды. Нәтижесінде, өзін теңеген адамдарды жек көре бастайды. Мәселен, "Өзіңдей көршінің баласына қарашы..." деген сынды теңеулердің теріс әсе ететінін аңғара бермейтініміз өкінішті.
4. Шартпен жақсы көру
"Сен бұлай еткенің үшін мен сені жақсы көрмеймін", "Мынаны жесең, сені жақсы көремін", "Сабағыңды дұрыс оқысаң, жаттауыңды қайталасаң, сен жақсы көремін".
Шарт қойып, жақсы көру баланы қалаусыз және еріксіз әрекет жасауға итермелейді. Өсе келе, бала өз ошағынан, отбасынан жырақтап қалады. Сол себепті, бала шынайылықты жақсы көреді. Себебі, бала ата-анасын ешбір шартсыз сүйеді.
5. Жалған ақпарат
Баланы өтірік ақпараттар арқылы қорқытып немесе алдау қоршаған орта жайлы қате түсінік пен ұғым қалыптасуына себеп болады.
"Жыласаң, милиция алып кетеді" деп қорқытып өсірген бала ұғымында милиция бейнесі жағымсыз болып қалыптасып қалуы ықтимал.
"Ер азамат жыламайды", "Мына бала мені жынды етті", "Менің бұған шамам келмейді", "Біреуге беріп жіберемін", "Бабай келеді немесе милиция ағай алып кетеді" т.с.с.
6. Көңілін қалдыру
Баланың көңілін қалдыру – оның бойына сенімсіздік ұялатумен қатар, талпынысты жояды. "Сен дымды түсінбейсің", "Үніңді өшір", "Сенен түк пайда жоқ", т.с.с.
7. Қорқыту
Мысалы, "Басыңды жарамын", "Қаныңды ішемін", "Соямын" т.с.с.
8. Өтінішіне немқұрайлы қарау
Үнемі баланың сұрағанына "Жоқ, жоқ, жоқ" деп, себебін түсіндірмей жауап қайыру.
9. Қарғау
"Сені Құдай алсын", "Өлгенің жақсы еді", т.с.с.
10. Масқаралау
Баланың намысына тиетін сөздер айту.
25 қаңтар 2020 ж. 268 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области