Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде алдағы үш күнде 30 градустық аяз болады

Елімізде алдағы үш күнде 30 градустық аяз болады

Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК-ның қызметкерлері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жария етті.Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, жыл басынан бері Қазақстанның көптеген облыстарында ауа райына атлантикалық циклондар ықпал етіп, республиканың басым аумағында қар жауып, боран болып, жолдарды қар басты. Сондай-ақ ауа температурасы қыс мезгілі үшін салыстырмалы алғанда жоғары болды.
Қаңтар айының соңғы аптасында, кезекті циклоннан кейін, Қазақстанға антициклон келуі ықтимал. Осыған қарай республиканың көптеген облыстарында 29-30 қаңтар аралығында жауын-шашын тоқтап, күн суытады.
Ауа температурасы қаңтар айына ұқсас болады: түнде солтүстікте, шығыста және орталықта минус 20...30°С. Бірақ мұндай төмендеу қысқа мерзімді, себебі кезекті атлантикалық циклон Ресейдің еуропалық бөлігіне шығуға дайын, ал онымен байланысты жылу біздің батыс аудандарға түсе бастайды.
27 қаңтар 2020 ж. 242 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области