Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Өткен жылы шиелілік 24 кәсіпкер құқығын қорғауды сұраған

Өткен жылы шиелілік 24 кәсіпкер құқығын қорғауды сұраған

Kyzylorda-news.kz. Кәсіпкерлер палатасының кездесуі Шиелі ауданында жалғасты. Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қожахмет Ілиясов, бөлім бастығы Ғаухар Елеусінова, аудандық филиал директоры Марлен Нұртазаев шиелілік кәсіп иелеріне Палатаның атқарған жұмысы туралы қысқаша ақпарат беріп, олардың проблемаларын тыңдады.Жеке балабақша иелері өткен жылдан бері күшіне енген баланы 6 жастан мектепке беру тәртібінен кейін жаңа проблеманың шеті шығып тұрғанын жеткізді. Мемлекет тарапынан субсидия бұрын балабақшадағы 3-6 жас аралығындағы балаға берілсе, қазір 3-5 жас аралығындағы балаларға беріліп жатыр екен. Балабақша иелері қазір аналар ерте жұмысқа шығып кетуіне орай, балаларын балабақшаға 2 жастан беретінін, осыған сәйкес мемлекет тарапынан берілетін субсидия да осы 2 жастан бастап берілсе деген ұсыныстарын жеткізді. Ал мектепте балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуші кәсіпкерлер мектеп ішінде жалға алынатын орын үшін 12 ай үзіліссіз, мереке, өзге де демалыс күндері үшін де ақша төлейтіндіктерін айтып, осы жағынан құқықтық қолдау көрсетуді сұрады.
Кездесу барысында кәсіппен айналысатын жалғызбасты аналар несие, жер телімін алу, салық төлеу барысында жеңілдіктер жасалса деген тілектерін де жеткізді. Мұнан өзге, шара барысында кәсіпкерлер «Бастау» жобасына, мемлекеттен кәсіпкерлік мақсатта беріліп жатқан қайтарымсыз қаржыға қатысты сауалдарына Палата мамандарынан тиісті жауаптарын алды.
Айта кету керек, Шиеліде жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4488. Палатаның аудандық филиалына аудандағы 24 бизнес өкілінен құқығын қорғауды сұраған өтініш түсіп, әр өтінішке сәйкес жұмыс жасалған. Сондай-ақ, аудандық филиалдағы кеңесшілермен өткен жылы кәсіппен айналысуға ниетті 1120 адамға 1900 кеңес беріліп, 550 қызмет көрсетілген. 464 шиелілік азамат «Бастау» жобасы, 140 адам «Бизнес-кеңесші» оқу курсы бойынша оқып, арнайы сертификаттарға ие болды. «Бастаулықтардың» арасында 141 азаматтың жобасы 55,5 млн.теңге қайтарымсыз қаржыға ие болды.
27 қаңтар 2020 ж. 237 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области