Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жандарбек Бекшин: Елімізде коронавирус дертін болдырмауға қажетті ресурстар жеткілікті

Жандарбек Бекшин: Елімізде коронавирус дертін болдырмауға қажетті ресурстар жеткілікті

Kyzylorda-news.kz Елімізде коронавирус дертін болдырмауға қажетті ресурстар жеткілікті. Бүгін мемлекеттің бас санитар-дәрігері осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».Бұл күндері Қытайдың Ухань қаласында мүлгіген тыныштық орнаған. Айнала жым-жылас. Қоғамдық орындар мен көшелерде қозғалыс шектелген. Тұрғындардың әрбір қадамы бақылауда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытай билігіне зор сенім артып отыр. Әзірге індеттің таралу ошағынан адамдарды эвакуациялауға кеңес бермейді.
Елімізге Қытай Халық Республикасынан 6 қаңтардан бері мемлекеттік шекара арқылы 12 мың 610 адам келді. Басым бөлігі – отандастар. Денсаулық сақтау органдары солардың тең жартысына хабарласып, хал-ахуалын сұрап үлгерген. Қытайдан келгендердің 35-і әр түрлі вирусты індеттермен ауруханаға жатқызылды. Коровирус ешбірінен анықталмады. Дегенмен, 8 адамның сынамасы Алматыдағы ұлттық инфекциялық ғылыми орталықта тексеріліп жатыр.
«Қазақстанда коронавирусты болдырмау үшін барлық ресурстар бар. Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен және Ресеймен өзара көмек туралы келістік. Құрметті журналистер сіздерді және блогерлерді кездейсоқ адамдардан сұхбат алмауды сұраймын. Күн сайын фейк хабарламалармен алмасуды доғаруды сұраймыз», - дейді ҚР ДСМ тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин.
Қытайда ғана емес, әлемнің кез келген мемлекетінде медициналық маска тапшылығы байқалып жатыр. Осыған орай, Ж.Бекшин отандық өндірушілерден қажеттілікті толық өтеуді сұрайды.
29 қаңтар 2020 ж. 325 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области