Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Азық-түлік бағасына мониторинг жасауға халықты тарту қажет - министр

Азық-түлік бағасына мониторинг жасауға халықты тарту қажет - министр

Kyzylorda-news.kz. Баға мониторингі және электрондық сауданы дамытуға халықты тарту қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Баға мониторингі және электрондық сауданы дамытуға халықты тарту қажет. 2019 жылдың желтоқсанында Қарағанды қаласында бағаға мониторинг жасайтын PRICE SCANNER мобильді қосымшасы іске қосылды. Бағалар туралы барлық деректер азаматтардан алынған ақпаратқа негізделген», - деді ол.
Министр мұнан бөлек электрондық сауда алаңдарын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
«Мәселен, бүгінгі күнде Оңай Базар және Happy food Astana сияқты желілер ашылды. Олар өнімді өндірушіден тұтынушыға дейін жеткізу тізбегін оңтайландыруға және халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мысалы, дүкендерде картоптың бөлшек бағасы 100-ден 150 теңгеге дейін болса, электронды алаңдардың бағасы шамамен 75 теңгені құрайды»,- деді Бақыт Сұлтанов.
04 ақпан 2020 ж. 256 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области