Байқоңырдағы старт кешеніне OneWeb спутнигі бар зымыран орнатылды
Kyzylorda-news.kz. Байқоңыр ғарыш айлағынан «Фрегат-М» үдемелі блогы және OneWeb британдық байланыс спутнигі бар «Союз 2.1б» зымыран-тасығышын ұшыруға үш тәулік қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Союз 2.1б» зымыранын Байқоңыр ғарыш айлағының №31 алаңындағы старт кешеніне орнату және шығару мемлекеттік комиссия шешіміне сәйкес жүзеге асырылды. Стартқа дейін бірнеше күн бойы жүйелер мен пайдалы жүк агрегаттары, ракета-тасығыш пен старт кешені автономды сынақтан өткізіледі», деп хабарлайды Роскосмостың баспасөз қызметі.
«Фрегат-М» үдемелі блогы және OneWeb британдық байланыс спутнигі бар «Союз 2.1б» зымыран-тасығышын 2020 жылдың 7 ақпаны күні, Нұр-Сұлтан уақытымен 02:42:41 ұшыру жоспарланған.
Үдемелі блок старттан кейін 10 минуттан соң үшінші сатыдан ажырайды деп есептелген. Одан кейінгі 3,5 сағат ішінде ұшу циклограммасына сәйкес, ғарыш аппараттары «Фрегат-М» үдемелі блогынан бөлінеді.
Айта кетерлігі, бұл Байқоңыр ғарыш айлағынан 2020 жылы ұшырылатын алғашқы зымыран.