Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстан тасжолдарының 32 учаскесінде бейне-бақылау камералары орнатылады

Қазақстан тасжолдарының 32 учаскесінде бейне-бақылау камералары орнатылады

Kyzylorda-news.kz. Ақылы жолдарда төлем алу жүйесін орнату және қызмет көрсетуге қатысты инвестициялық жоба аясында биыл еліміздің тас жолдарына бейнебақылау камералары орнатыла бастайды, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 11 мың шақырымында 600 бейнебақылау камерасы орнатылады деп жоспарлануда.
Камералар ел жолдарындағы қозғалысты тәулік бойы бақылайды. Тұтастай алғанда мұндай қондырғылар 2024 жылға дейін еліміздегі республикалық маңызы бар жолдардың 32 учаскесінде пайда болмақ.
Әзірлеушілердің айтуына қарағанда, есептеу қуаттылығы мен арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету ақпараттың кең көлемін нақты уақыт режимінде өңдеуге мүмкіндік береді. Осылайша көлік қозғалысының жылдамдығы мен бағыты, жеке деректерді пайдаланусыз көлік құралының типі, сондай-ақ жол жиегімен қозғалып келе жатқан және мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген автокөліктер анықталады. Бейне-бақылау камераларының басты міндеттерінің бірі – белгіленбеген жерде тоқтау, кері бағытта қозғалу, қозғалыстың қарсы жиегімен жүру, жылдамдық режимін асыру сияқты жолда жүру ережелерін бұзудың фактілерін тіркеу. Бұдан бөлек жүйе автоматты режимде жол трафигінің мөлшерін тіркеуге, камераның осіне қарамастан көлік құралының қозғалысын анықтауға мүмкіндік береді.
Жолдарда төлем алу жүйесі инфрақұрылымның кең шоғырын ұсынбақ. Осылайша, оларға стационарлы бақылау пункті, автоматты идентификациялау құралдарының аппаратты-бағдарламалық кешені, мониторинг, деректерді өңдеу, пайдаланушылармен жұмыс орталықтары, сондай-ақ деректерді жіберуге арналған байланыс каналдары жатқызылады.
«QazAvtoJol» ұлттық компаниясы өткен жылдың желтоқсанында республикалық маңызы бар автомобиль жолдары арқылы жүріп өту үшін ақы алу жүйесін орнату және қызмет көрсету бойынша инвестициялық конкурстың қорытындысын жариялағанын еске салайық. Оның қорытындыларына сәйкес қазақстандық және тайваньдық консорциуммен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылған болатын.
04 ақпан 2020 ж. 237 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области