Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Синоптиктер Нұр-Сұлтан мен өзге 10 өңірде ескерту жариялады

Синоптиктер Нұр-Сұлтан мен өзге 10 өңірде ескерту жариялады

Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты 6 ақпанға бірнеше өңірде ескерту жариялады.Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с артуы ықтимал.
Ақмола облысының жекелеген аумағында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, кей жерлерде оның күші 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады. Мұғалжар ауданында күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с артады. Ақтөбе қаласында күндіз тұман, көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз жауын-шашын (көбінесе қар) болады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні күндіз 25 м/с жетеді. Өскемен қаласында күндіз жауын-шашын (жылбысқы қар), бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші күндіз 15-20 м/с артады. Семей қаласында күндіз жауын-шашын (жылбысқы қар), бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болжанады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады.
Қостанай қаласында күннің екінші жартысында бұрқасын, батыстан, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықтағы жел күтіледі.
Түркістан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с құрайды. Түркістан қаласында түнде және таңертең оңтүстік-батыс желі 15-20 м/с артады.
Шымкент қаласында түнде және таңертең оңтүстік-батыстан 15-20 м/с екпінде жел тұрады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Қызылорда қаласында тұман сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с жетуі ықтимал. Петропавл қаласында түнде жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 23 м/с артады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Ақтау қаласында оңтүстік-шығыс желінің екпіні - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз жылдамдығы 25 м/с артуы мүмкін.
06 ақпан 2020 ж. 314 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области