Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Coface: Қазақстан мен Өзбекстан – Орталық Азия аймағындағы ең ауқатты елдер

Coface: Қазақстан мен Өзбекстан – Орталық Азия аймағындағы ең ауқатты елдер

Kyzylorda-news.kz. Coface халықаралық сақтандыру компаниясының сарапшылары әлемдегі 162 ел экономикаларының тәуекелдерін бағалады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Халықаралық инвесторлар бұл баяндаманы мемлекеттердің тұрақтылығын анықтайтын бағдар ретінде қолданады. Coface мәліметінше, Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азия аймағындағы ең ауқатты елдер. Оларға Б рейтингі берілді. Бұл шетел серіктестері үшін тәуекелдің орта деңгейін білдіреді. Қазақстанның артықшылықтары ретінде сарапшылар халықаралық инвесторлардың қолдауы, несиелерді өтеу қабілеттілігі және Еуропа мен Қытай ортасындағы стратегиялық орналасуын атады. Ал, осал тұстарының бірі – табиғи байлықтарға тәуелділігі аталып отыр.
«Қазақстан – аймақтағы ең маңызды экономика. Өйткені пайдалы қазбалары мол, беделді шетел инвесторлары бар және Қазақстан арқылы Қытайды Ресеймен және Еуропамен жалғайтын Орталық Азиядағы жалғыз теміржол өтеді. Алайда аймақта мемлекеттік басқару мен кәсіпорындар арасындағы қатынастарға қатысты іскер ортаны жақсартып, сыбайлас жемқорлықпен күресу қажет», - экономист Доминик Фруштер.

08 ақпан 2020 ж. 182 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области