Жұма күні ауа райы қандай болады
Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 7 ақпан күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Қазақстан территориясының басым бөлігі солтүстік-батыс циклонының жырасында орналасқандықтан, жауын-шашын жауады. Тек оңтүстік жартысында күн ашық болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі сақталады. Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық бөлігінде боран соғады.

Ақмола, Қостанай облыстарында жел 15-23 м/с дейін күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын көтеріледі, жолдарда - көктайғақ. Жел жылдамдығы - 17-22 м/с.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтөбе облысында жел 16 м/с дейін күшейеді.
Маңғыстау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Түнде және таңертең Түркістан облысының кей жерлерінде – тұман, күндіз жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында күндіз секундына 17-22 метр жылдамдықпен жел соғады.