Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі биыл іске қосылады

«Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі биыл іске қосылады

Kyzylorda-news.kz. Азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну жұмысын жеңілдетіп, өтінімдерді бақылау ісін жетілдіретін «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесін дайындау жұмысы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруда маңызды құрал ретінде айқындалған жобаны Бас прокуратура Президент Әкімшілігінің өтініштерін қарауды бақылау жөніндегі бөлімімен бірге әзірледі» делінген хабарламада.
Өтініштерге қатысты процестерді цифрландыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе:
- мемлекеттік органдардың құзыретіне қарай өтініштерді автоматты түрде бөлуге;
- мемлекеттік органдар арасында сауалдар санын оңтайландыру есебінен өтініштерді қарау мерзімін қысқартуға;
- өтініштерді қарауда барлық саты мен мерзім бойынша өтініш берушіні ақпараттандыруға;
- мемлекеттік органдарға түскен өтініштердің бәрінің бірыңғай базасын құруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі өтініш берушімен кері байланыс ұстап, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге жол ашады.
Мемлекеттік органдардың жауабына міндетті түрде жүйелі талдау жүргізіліп, бұл жұмыс жауапсыз қалдыру ісінің алдын алып, нақты салада өтініштерді қараудың бірыңғай тәжірибесін жолға қояды.
Қазіргі уақытта «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінің апробациясына дайындық жүргізілуде. Биыл оны барлық мемлекеттік органның жұмысына енгізу жоспарланған.

07 ақпан 2020 ж. 279 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области