Күнделікті өмірде қатерлі ісіктің пайда болуына не әсер етеді?

Жарты ғасыр бұрын қатерлі ісік қарттардың ауруы болып саналса, соңғы жылдары жасарып келеді. Әлемде қатерлі ісіктің 100-ге жуық түрі бар.
Көптеген жылдар бойы қатерлі ісікті зерттеген мамандар аурудың алдын алуға арналған бірнеше кеңестер береді.
Белсенді өмір салты
Біріншісі – салауатты өмір салтын ұстану. Физикалық белсенділіктің жоқтығы метаболизмді баяулатады. Одан артық салмақ пен ауру пайда болады.
Денені шынықтыру үшін жаттығу залына барып жаттығудың қажеті жоқ. Күнделікті жаттығулар немесе саябақта ұзақ серуендеу жеткілікті. Сондай-ақ уақтылы ұйықтауды ұмытпаған жөн. Ұйқының қанбауы созылмалы стрессті туындатады, ал стресс онкологияның дамуына да себеп болады.
Дұрыс тамақтану
Егер күн сайын шұжық, тұшпара, кәуәп тұтынатын болсаңыз, асқазан мен тік ішекте қатерлі ісіктің пайда болу қаупі 43%-ға артады.
Қызыл және өңделген етті тауықтың төс етіне алмастырған дұрыс. Қара жапырақты аскөк, теңіз балдырлары, сарымсақ – міне, осылар аурудың дамуына жол бермейтін элементтер мен антиоксиданттар жиынтығы.
Алкоголь және темекі шегу
Өкпенің қатерлі ісігі онкологиялық аурулар тізімінде көш бастап тұр. Әрбір бесінші науқасқа осы диагноз қойылады екен.
Өкпеде қатерлі ісіктің пайда болуының себептері көп. Бірақ ғалымдар ісіктің ең мықты қоздырғыштарының бірі канцероген екенін дәлелдеді. Ал темекі түтінінің өзі – канцероген.