Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қордайдағы оқиғадан соң Қырғызстанға кеткен тұрғындар үйлеріне қайтып жатыр

Қордайдағы оқиғадан соң Қырғызстанға кеткен тұрғындар үйлеріне қайтып жатыр

Kyzylorda-news.kz. ҚР Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев Қырғызстанмен шекарада болып, қордайлықтармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қордай ауылындағы қазақ-қырғыз шекарасына келген Бердібек Сапарбаев шекарадан өтейін деп тұрған адамдарға үйлеріне қайтуды ұсынды.
«Кешеден бері осында жұмыс істеп жатырмыз. Президенттің берген тапсырмасы бар, ол - осында тәртіп пен тыныштық орнату. Түні бойы осында болдық, бәрі тыныш. Сондықтан үйлеріңізге қайтқандарыңыз жөн. Енді бәрі дұрыс болады. Біз бүгін де, ертең де осында жұмыс істейміз. Полиция да осында. Бәрін қалпына келтіреміз. Кім кінәлі екенін анықтап, оларды жауапқа тартамыз. Сол үшін үйлеріңізге қайтыңыздар, балалар сабағынан қалмасын. Осында тіршілікті әрі қарай жалғастыра бересіздер. Келген шығын есептеліп, өтеледі, қираған үйлер қалпына келтіріледі», - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары шекарада тұрған көпшілікке.
Оның айтуынша, Қордай ауылдарындағы тіршілік қайтадан бұрынғы қалпына түседі, сондай-ақ, қауіпсіздік үшін де алаңдамауға болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Масанчи ауылының тұрғындары арасында жаппай төбелес болып, одан 8 адамның қайтыс болғанын, қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты 47 адамның ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.
10 ақпан 2020 ж. 256 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области