Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 13-15 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
«Ресейдің Еуропалық бөлігінен атмосфералық фронттар ығысып, республиканың солтүстік жартысында қардың жаууы, күшті батыс желі және жолда көріну қашықтығын нашарлатып, күртік қар тудыратын бұрқасын алып келеді. Оңтүстік және шығыс облыстарына Орталық Азия аймағынан оңтүстік циклон шығып, онымен жауын-шашын, тұман, көктайғақ, республиканың шығысында қардың жаууы мен бұрқасын болады. Ауа температурасы көпжылдық мәннен 2…5°С-қа жоғары болады», - делінген хабарламада.