Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ АТАНДЫ

ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ АТАНДЫ


Орта салмақта жеңіліп көрмеген кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге елге сіңірген еңбегі үшін «Қарағанды облысының Құрметті азаматы» атағы берілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Головкинді Қарағанды облыстық мәслихатының XIII сессиясында депутаттар бірауыздан қолдады.  
Аталмыш атақ сонымен қатар азаматтардың қоғамдағы белсенділігін арттырып, облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуына қосқан үлесін ұлықтап, өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм үлгісінде тәрбиелеуді көздейді.
Геннадий Головкин ешқашан жеңіліп көрмеген кәсіби боксшы, ол орта салмақта өнер көрсетеді.
2003 жылы ол әуесқой боксшылар арасында әлем чемпионы, 2004 жылғы Олимпиада ойындарының вице-чемпионы атанды. 38 кездесу өткізіп, оның 37-ін жеңіспен аяқтады. Тек біреуінде ғана қарсыласымен тең түсті. «WBC World Champion» (орта салмақ), WBA Super World Champion (орта салмақ), IBF World Champion «орта салмақ), IBO World Champion (орта салмақ) атақтарының иегері.    


16 қаңтар 2018 ж. 700 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области