Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Наурызда ауа райы қандай болады?

Наурызда ауа райы қандай болады?

Kyzylorda-news.kz. Қазгидрометтің хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігінде наурызда ауа райы жылы болады.
Қазақстанның солтүстігінде наурыздың бірінші онкүндігінде қарлы болады, боран тұрып, мұзтайғақ болып, тұман түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы минус бес пен плюс бес арасында құбылады, түнде он градусқа дейін аяз болады.
Қазақстанның оңтүстігінде көктемгі айдың алғашқы күндері жаңбырлы болады, кей жерлерде қар жауады. Күндіз ауа температурасы 18 градусқа дейін, түнде - нөлден плюс сегізге дейін қызады.
"Алайда, кейбір күндері еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында сынап бағанасы түнде 17-ге дейін суытуды, оңтүстігінде және батысында 10 градусқа дейін төмендеуді көрсетуі мүмкін", - деп ескертеді "Қазгидрометтегілер".
Жалпы наурыз жылы болады деп күтіліп отыр: республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан бір градусқа жоғары болады. Мамандардың айтуынша, мұнда ауа температурасы климаттық нормаға жуық болады.
22 ақпан 2020 ж. 218 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области