Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 31 наурызға дейін МӘМС жүйесінде сақтанушының мәртебесін алу маңызды

31 наурызға дейін МӘМС жүйесінде сақтанушының мәртебесін алу маңызды

Kyzylorda-news.kz. 2020 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша көрсетілген консультациялық-диагностикалық қызметтер 2019 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 27%-ға өсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.2020 жылға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 1 258 медициналық ұйыммен келісімшарт жасады. Оның ішінде 657 медициналық ұйым - мемлекеттік меншікте және 601-і — жекеменшік.
«2020 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша көрсетілген консультациялық-диагностикалық қызметтер 2019 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 27%-ға өсті. Оның ішінде КТ және МРТ қызметтерін тұтыну 54%–ға, УДЗ-21%-ға артты. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту қызметтерінің барлық түрлері мен бейіндері бойынша 48%-ға өсуі байқалады, оның ішінде невралгия (инсульт) бейіндері бойынша көрсетілген қызметтер көлемі 3,2 есе өсті», - дейді Айбатыр Жұмағұлов.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылдың 1 сәуіріне дейін елдің барлық тұрғындары шартты түрде сақтандырылған болып саналады және олар ТМККК және МӘМС пакеттері аясында медициналық қызметтерді тегін ала алады. Осы кезеңде азаматтар өздерінің сақтандыру мәртебесін анықтап, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелуі керек. Жеңілдік кезеңі аяқталғаннан кейін, сақтандырылмаған пациенттер медициналық көмек алуды жалғастыра береді, ол тек медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ғана, қалған қызметтерге ақылы болады. Сондықтан 31 наурызға дейін МӘМС жүйесінде сақтанушының мәртебесін алу маңызды.
20 ақпан 2020 ж. 247 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области