Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Абай әлемі» ғылыми байқауы жарияланды

«Абай әлемі» ғылыми байқауы жарияланды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған студенттер мен магистранттар арасында «Абай әлемі» ғылыми байқауын жариялайды, деп хабарлады Abaialemi.kz.Байқаудың мақсаты – қазақтың ұлы ақыны Абай мұрасын кеңінен насихаттау, дарынды жас ғалымдарды анықтау, ақын шығармашылығының ғылыми тұрғыдан талдануына қолдау көрсету, жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
Биыл қазақтың ұлы ақыны, философ, гуманист және қазақ классикалық әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толады. Көрнекті ақын-ағартушының бейнесі тек әдебиет саласында ғана емес, музыка және бейнелеу өнерінде де сақталған. Абай орыс классиктерінің шығармаларын бірінші болып қазақ тіліне аударды. Абайдың көркем әдебиеттің дамуына қосқан елеулі үлесі «Қара сөздері» болды. Бұл мұра жастарды қазақ халқының рухани құндылықтарымен таныстыруда маңызды рөл атқарды.
Байқауға магистранттар мен студенттердің қазақ тіліндегі бұрын жарияланбаған, түпнұсқадағы ғылыми мақалалары қабылданады.
Жеңімпаз студенттерге арнайы тақырыптар бойынша ақшалай сыйлық беріледі: бір бірінші орынға – 300 000 теңге, екі екінші орынға – 200 000 теңгеден және үш үшінші орынға – 100 000 теңгеден, магистранттарға: бірінші орынға – 400 000 теңге, екі екінші орынға – 300 000 теңгеден және үш үшінші орын үшін әрқайсысы 200 000 теңгеден табысталады.
Байқауға ұсынылған жұмыстарды бағалау кезінде мақаланың өзектілігі, ой-тұжырымдардың жаңашылдығы, ғылыми зерттеу нәтижесі, идеялардың түпнұсқалығы, құрылымдылығы мен автордың ойлау дербестігі басшылыққа алынады. Жұмыстарды бағалаудың объективтілігі – қорытынды шешім қабылданғанға дейін анонимділік сақталады.
Үздік ғылыми жұмыстар «Abaialemi.kz» порталында жарияланады.
Өтініштер 2020 жылдың 25 ақпанынан 25 мамырына дейін abai_fond@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады. Жеңімпаздар 2020 жылдың маусым айында белгілі болады.
24 ақпан 2020 ж. 288 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области