Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада мемлекеттік қызмет көрсету сапасы қандай?

Қызылордада мемлекеттік қызмет көрсету сапасы қандай?

Kyzylorda-news.kz. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының 2020 жылғы алғашқы отырысында 3 мәселе қаралды.
Жұмыс тобының отырысында бірінші болып Қызылорда қаласының жер қатынастары бөлімінің басшысы Жақсылық Ержанов хабарлама жасады. Оның айтуынша 2019 жылы бөлім тарапынан 5968 мемлекеттік қызмет көрсетілген, бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 11861 өтініш түсіп, бөлімге тікелей түскен 5893 өтінішке жауап берілген.
Дегенмен, өткен жылы ҚР МҚІА Қызылорда облысы бойынша департаментіне жер қатынастары саласына қатысты 10 шағым түскен. Басым бөлігінде жер учаскелерінің қабаттасуы, қала әкімдігінің қаулысының кеш шығуы, және т.б. мәселелер арыздануға себеп болған.
"2018 жылы қалалық жер қатынастары бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында 7 бұзушылық орын алса, 2019 жылы 107 өрескел бұзушылықтар орын алған. Оның ішінде, 6 рет - стандартта көрсетілген қызмет көрсету мерзімдері сақтамалмаса, 84 рет - стандарт талабында көзделмеген артық құжаттар сұратылған, 17 рет - толық емес құжаттар бола тұра қызмет көрсетілген. Яғни, кейбір азаматтардан артық құжаттар сұратылса, енді бір азаматтардың құжаттары жетіспесе де қызметтерді толық көрсеткенсіздер. Бөлімнің қызметінде ашықтықты, мемлекеттік қызметті көрсету процесінде сапа пен қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет", - деді ведомствоаралық жұмыс тобының төрағасы Нұрман Талқанбаев.
Аталған мәселені жан-жақты талқылаған Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері ағымдағы жылдың ІІ-ші жартыжылдығында қалалық жер қатынастары бөлімінің есебін қайта тыңдау жөнінде шешім қабылдады.
Келесі кезекте, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов, филиалмен 2019 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.
Күн тәртібіне сәйкес, департаменттің басқарма басшысы Ғалымжан Ілкібаев 2019 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген республикалық қоғамдық мониторинг нәтижелерімен таныстырды.
"Қоғамдық мониторинг қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына, қолжетімділігіне жəне рəсімдеріне қанағаттанушылық деңгейін анықтау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі проблемалық мəселелерді анықтау мақсатында жүргізілген. Ең маңыздысы, зерттеулерге қатысқан азаматтардан алынған ұсыныстар мен ескертпелер негізінде әкімшілік кедергілерді жою, мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша қорытындылар мен ұсынымдар әзірленеді", - деді Ғ.Ілкібаев.
04 наурыз 2020 ж. 173 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области