Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет 11 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Тек Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығы мен шығысында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады, жел күшейеді, жаяу бұрқасын күтіледі, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады. Республиканың кей жерлерінде тұман және көктайғақ күтіледі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, түнде кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Павлодар, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.