Қазақстанда мектеп оқушылары мерзімінен бұрын демалысқа шығады
Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап демалысқа шығады.
«2020 жылдың 16 наурызынан 5 сәуіріне дейін орта білім беру мекемелері уақытынан бұрын демалысқа шығады. 16-сынан бастап техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері мен ЖОО-лар қашықтан оқыту түріне көшеді», - деді вице-премьер Ералы Тоғжанов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Бұған дейін, Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаев коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда қоғамдық іс-шаралардың тоқтатылатындығын жария еткен болатын.