Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 13 наурыз: Ел тарихында орын алған оқиғалар

13 наурыз: Ел тарихында орын алған оқиғалар

1920 жылы Сәкен Сейфуллин (1894-1938) «Қызыл сұңқарлар» атты пьесасын жазды. Бұл Колчакқа қарсы шыққан көтерілісшілердің ерлікке толы күресін бейнелейтін қазақтың кеңес әдебиетіндегі алғашқы революциялық драма.

1981 жылы Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Кенен ауылында халық ақыны, әнші, композитор Кенен Әзірбаевтың әдеби-мемориалдық мұражайы ашылды. Мұражай залына ақынның шығармашылығын, өмір жолын сипаттайтын 961 экспонат қойылған. Ақын 13 жаста болған кезде жасалған домбыра, Жамбыл Жабаев сыйға тартқан күміс белдік мұражайдың құнды экспонаттары болып табылады.

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Ливия Ұлы Социалистік Халық Араб Джамахириясы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

2003 жылы «Қазақстан Республикасының қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің кейбір мәселелері туралы» №244 ҚР Үкіметінің қаулысы жарыққа шықты. Қаулының негізінде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрылды. Компанияға 19 машина жасау кәсіпорны мен салалық институттар кіреді. Олардың қатарында «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «С.М.Киров атындағы Петропавл зауыты» АҚ, «Мұнаймаш» АҚ, «Тыныс» АҚ, «Семей машина жасау зауыты» АҚ, «ҚР радиоэлектроника және байланыс жөніндегі ұлттық орталығы» АҚ, «Металлист» АҚ, «Бронды танк жөндеу зауыты» кәсіпорындары бар.

2014 жылы Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды.

2018 жылы Өзбекстан Президенті қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау туралы жарлыққа қол қойды.
13 наурыз 2020 ж. 172 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области