Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Коронавирус: Кәсіпкерлер несие төлемін кейінге қалдыруға мұқтаж

Коронавирус: Кәсіпкерлер несие төлемін кейінге қалдыруға мұқтаж

Kyzylorda-news.kz. «Атамекен» ортақ мәселелерді анықтап, ұсыныстарды шоғырландыру мақсатында бизнес-қоғамдастық арасында сауалнаманы іске қосты. Бұл Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ҚР Үкіметі алдында қазақстандық бизнеске келтірілетін залалды мейлінше азайтуға бағытталған тиімді шараларды ұсынуға көмектеседі.
12 наурыздан бастап отандық телеарналардан жүргізілген сауалнамаға және колл-орталық, әлеуметтік желілерде 3 мыңнан астам кәсіпкер сауал жолдаған. Өтінім жасағандардың басым бөлігі (86%) шағын және орта бизнес өкілдері. Қатысушылардың 69%-ы қызмет көрсету саласында жұмыс істейді. Атап айтқанда 25%-ы туризм саласы болып отыр.

Өкінішке қарай, сауалнамаға қатысушылардың 52%-дан астамы коронавирустың таралуы салдарынан оларға келісімшарттық міндеттемелерді бұзуға тура келгенін айтты. Кәсіпкерлер міндеттемелерді орындамау себепті айыппұлдық санкцияларды төлеуге мәжбүр болғандарын айтуда.
Барлық кәсіпкерлерде дерлік сұраныс төмендеп жатыр, сәйкесінше, компания айналымы да төмендеген. Алайда тұрақты шығындар көп. Сауалнамаға қатысушылардың 34%-ы «орынжайды жалға алуды» ағымдағы жағдайда компанияларына қаржылық ауыртпалық ретінде көрсеткен. Еңбекақыны төлеу қоры (30%) – бизнеске анағұрлым әсер ететін екінші жағдай. Коммуналдық қызметтерді төлеуді респонденттердің 13%-ы таңдаған.
Кәсіпкерлердің көбі кадрларға қатысты сұрақтар қойып жатыр.
Еске салсақ, қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру ұсынылуда. Ал егер бұл мүмкін болмаса, онда өндірістің тұрып қалуына байланысты мерзімсіз демалыс жариялау ұйымдастыруға болады. Өндірістің тұрып қалу кезеңінде еңбекақыны төлеу тәртібі қызметкер және жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша реттеледі. Төлем мөлшері ең төменгі еңбеакқы көлемінен төмен болмауы керек.
Сауалнамаға қатысушылардың 34%-дан астамы қызметкерлерді мерзімсіз демалысқа жібереміз деп жауап берді. Ал 19%-ы – толық емес жұмыс күніне ауысатындарын белгіледі.
Кәсіпкерлер зардапты төмендету бойынша қандай шараларды күтеді?
Респонденттердің 30%-ы салықтық жеңілдіктер айтарлықтай қолдау болады деп санайды. Ал 27%-ы – несиелік міндеттемелер бойынша шегерімді, 23%-ы – ситуацияны форс-мажорлық деп тануды, 20%-ы – компанияның еңбек ресурстарын қолдау қажет деп санайды.
Орын алған ситуацияда «Атамекен» ҰКП бизнеске түсетін залалды азайту үшін келесі шараларды қабылдайды:
•біріншіден, Ұлттық палата бүгіннен бастап (16 наурыз) Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы және екінші деңгейлі банктермен несиелік міндеттемелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру немесе басқа да жеңілдіктерді қарастыру бойынша кеңесуді бастайды;
•екіншіден, аталған зерттеулер Ұлттық экономика министрлігіне жіберіледі, онда пандемия экономикалық салдары туралы ақпарат жинақталуда. Ұлттық палата өндірістің мәжбүрлі тұрып қалуы кезеңінде жеке компаниялардың қызметкерлеріне өтемақы төлеу шарасын ұсынатын болады;
•сондай-ақ, шағын және микро бизнеске салықтық демалыс енгізілгендіктен, ҰКП салықтық демалысты орта бизнеске енгізу мүмкіндігін талқылауда.
Айта кетелік, «Атамекен» ҰКП ҚР Үкіметімен бірлесіп, қазақстандық бизнеске келтірілетін залалды мейлінше азайтуға бағытталған тиімді шараларды қолға алу үшін ақпаратты жинау және талдау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Ертең, Үкімет отырысында алғашқы шешімдер айтылады деп күтілуде.
Ұлттық палата жанынан көмек берудің жедел штабы жұмыс істейді. Коронавирус салдарынан кәсібіне залал көрген кез келген отандық кәсіпкер 1432 Сall-орталығына хабарласа алады.
16 наурыз 2020 ж. 152 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области