Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Асқар Мамин: Несиесін кешіктіргендерге айыппұл есептелмейді

Асқар Мамин: Несиесін кешіктіргендерге айыппұл есептелмейді

Kyzylorda-news.kz. Төтенше жағдай кезінде төлемін кешіктірген қарыз алушыларға айыппұл есептелмейтін болды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды primeminister.kz.
«Төтенше жағдай кезінде несиесін төлей алмаған қарыз алушыларға айыппұл есептелмейді. Банктер кәсіпкерлерге төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін жасауы керек. Отандық бизнес бірдей шарттармен қосымша қаржылық жүктемесіз қолданыстағы бағдарламалардың жеңілдікті қолдау шараларын пайдаланады», - деді Асқар Мамин.
Үкімет басшысының айтуынша, ішкі сұраныс пен ұсынысты ұлғайтуда агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың әлеуеті мол.
«Осыған орай агроөнеркәсіп кешені саласында кредиттеудің жаңа тетігі енгізіледі. Ол агроөндірушілер үшін қаражат қолжетімділігін арттыруға бағытталады», - деді Асқар Мамин.
17 наурыз 2020 ж. 203 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области