Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Дәрігерлер балалардың коронавирусты жасырын түрде тасымалдайтынын мәлімдеді

Дәрігерлер балалардың коронавирусты жасырын түрде тасымалдайтынын мәлімдеді

Kyzylorda-news.kz. Қытай зерттеушілері коронавирус жұқтырған балалардан әдетте індеттің тек қана жеңіл белгілері байқалатыны туралы қорытындыға келді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сонымен қатар балалар инфекцияның жасырын тасымалдаушылары болып шықты. Бұл туралы MedicalXpress хабарлады.
Мамандар коронавирус жұқтырған науқастармен тығыз байланыста болған екі айлықтан бастап 15 жасқа дейінгі 745 баланың мәліметтеріне талдау жасады. Олардың арасында тек қана 10 баладан (1,3 пайыз) коронавирус анықталды, дегенмен олардан аурудың ауыр белгілері байқалмаған.
Ғалымдардың пікірінше, кейбір балалардың тамағы ауырып, жөтел және мұрын бітелуі байқалған, бірақ ересек науқастарда кездесетін бұлшықет пен бас ауруы балаларда болмаған. Кеуде қуысының рентгенографиясы арқылы зерттеу жүргізілген балалардың ешқайсысында пневмонияның белгілері байқалмады. Алайда бұл балалар басқа адамдарға індетті жұқтыруы мүмкін.
Айта кетсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың арасында екі жасар бүлдіршін мен 12 жасар бала бар.
Осылайша бүгінгі таңда елімізде коронавирус жұқтырған 13 адам тіркеліп отыр. Олардың ішінде Алматыда – 11 жағдай, елордада – екі жағдай.
17 наурыз 2020 ж. 253 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области