Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елбасы коронавируспен күреске 200 млн теңге бөлуді тапсырды

Елбасы коронавируспен күреске 200 млн теңге бөлуді тапсырды

Kyzylorda-news.kz. Елімізде коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күреске Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорынан 200 миллион теңге бөлінеді. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл қаражат Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен бөлінуде. Елдегі ахуал Елбасының жіті бақылауында.
«Бүгінде Қазақстанда эпидемияға қарсы іс-шаралар толық көлемде жүзеге асып жатыр. Бұл әрекеттер қазіргі ахуалға сай және дер кезінде қолға алынды. Мемлекет теңдессіз шараларды қабылдап отыр. Қауіпті індетпен күресте отандық бизнес те қолдан келгенше көмектесуде. Мен бұл бастаманы қолдап, әлеуметтік жауапкершілік танытуға және біздің қоғамның бірлігін көрсетуге шақырамын. Біз барлық сынақтан сүрінбей өтеміз. Біз біргеміз!», - делінген Қазақстанның Тұңғыш Президентінің тапсырмасында.
Бөлінген қаражат Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары әкімдіктері арасында теңдей үлестіріледі.
Қаржылық көмек пандемияға қарсы күреске жұмылған медицина қызметкерлеріне сыйақы беруге, қосымша медициналық бетперделер мен дезинфекциялау құралдарын сатып алуға жұмсалады. Сондай-ақ, қаражаттың бір бөлігі елордадағы балалар үйлері мен мамандандырылған ауруханаларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталады.
Сонымен бірге, қор басшылығы Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына 50 мың медициналық бетперде тапсырды.
18 наурыз 2020 ж. 199 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области