Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында сақтық шаралары күшейтілуде (ФОТО)

Қызылордадағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында сақтық шаралары күшейтілуде (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Әлем жұртын алаңдатқан коронавирус пандемиясының алдын алу шараларына қатысты Қызылорда облысындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында сақтық шаралары күшейтілуде.
«Коронавирус инфекциясына байланысты Қызылорда қаласындағы барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында аталған індеттің алдын алу шаралары басталды. Халыққа қызмет көрсету бойынша №1, №2, №3, №4 бөлімдері мен көші-қон орталығы және мамандандырылған бөлімдерінде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Барлық бөлімдерде медициналық тазартқыш құралдары мен сұйық су сабындар белгіленген жерлерге қойылды. Сонымен қатар, күніне 3 рет хлор препаратымен ғимараттар тазалануда», деп хабарлады біздің ақпарат агенттігіне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, елімізде Төтенше жағдай жариялануына байланысты барлық ойын-сауын орталықтарының жұмысы тоқтатылып, той-томалақ пен ас өткізуге тыйым салынған болатын.




18 наурыз 2020 ж. 295 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области