Интеллектуал адамның сіз ойламаған 5 белгісі
Kyzylorda-news.kz. Әдетте, жоғары білім алған немесе шартты түрде аристократтық отбасыдан шыққан адамды зиятты деп айтып жатады. Бірақ ғалымдар бұл факторлар адамды автоматты түрде жоғары IQ иесі етпейтінін айтады. Ендеше, ғылым бойынша, жоғары зияткерліктің қандай белгілері болуы мүмкін?
1. Музыканы жақсы есту қабілеті
Музыкалық білімі жоғары адамдардың «музыканы жақсы естисің» немесе «музыканы естімейсің» деп айтқанын жиі кездестіруге болады. Бала кезінен музыканы жақсы есту мен адамның тағы бір немесе бірнеше тілді үйреніп алу қабілетінің арасында байланыс бар екені бұрын дәлелденіп қойған. Ал британ ғалымдары болса, зерттеу барысында баланың кішкентай кезінен музыканы жақсы естуі жоғары IQ көрсеткіші болуы мүмкін екенін анықтаған.
2. Адам көп ортаны жақсы көрмеу
Британ ғалымдары зерттеу барысында жоғары интеллектуал адамдар өздері жалғыз болғанды немесе тек бір-екі досының жанында болғанды жақсы көретінін байқаған. Ал үнемі көп адамдармен сөйлесу немесе үлкен отбасылық дастарханға жиналу оларды қызықтырмайды және шаршатады екен. Сондай-ақ IQ жоғары адамдар өз-өздерімен дыбыстап сөйлесе бере алады.
3. Телефонмен сөйлескенді жақсы көрмеу
21-ғасырда интеллектуал адамдар мессенджерлер арқылы сөйлескенді жөн көріп, ұзақ телефонмен әңгімелесуді жек көреді. Жоғары интеллектуал адам біреуге телефон шалу арқылы оның жеке кеңістігін бұзып, маңызды ісінен алаңдатамын деп ойлайды. Ал мессенджермен жазса, сөйлесуші уақыты бар кезде жауап бере алады деп ойлайды. Сондықтан олар, әдетте, өте шұғыл шаруамен ғана телефон соғады.
4. Ерте жасынан жылдам оқу қабілетінің болуы
IQ өте жоғары адамдардың көпшілігі 4 жасының өзінде оқи білген. Бірақ ең қызығы олардың көбі қалай оқып үйренгенін белмейді.
5. Қайталанатын дыбыстарды жақтырмау
Неміс ғалымдарының жақында жүргізген зерттеуі бойынша, жоғары зияткерлік пен қайталанатын дыбыстарға ашуланудың арасында байланыс бар. Мұндай дыбыстарға тамақты жұту, тықылдату, жөтел, еден сықыры, ауру адамның шулы тынысы, қаптамалардың қытыры және т.б жатады. Хельсинкс университетінің ғалымдары өздерінің зерттеуінен адамның стандартты емес есептерге ерекше шешім таба алу қабілеті мен басқа қоздырғыш дыбыстар мен шуларды «сөндіре» алмауының арасынан байланыс байқаған. Бұл құбылысты медицинада мизофония деп атайды. Мысалы, мизофониясы бар жоғары интеллектуал адамның қасында отырып, қытырлақ тамақ жеп отсаңыз, ол ашуланып, өзінің істеп отқан жұмысын жалғастыра алмайды.