27 наурызға арналған ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. Қазгидрометтің хабарлауынша, 27 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн райы ашық болады.Тек республиканың солтүстігі мен орталығында фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, желдің күшеюі сақталады, солтүстікте кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Қызылорда облысында жел күшейіп, оның ұйытқу жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

























