Төтенше жағдай: Қызылордада ХҚО-ның ең тәжірибелі 60 қызметкері онлайн қызмет алуға көмектеседі
Kyzylorda-news.kz. Облыс тұрғындарына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының ең тәжірибелі 60-қа жуық қызметкері онлайн түрде қызмет алу бойынша көмектеседі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте аталған корпорацияның Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айдын Бөкенбайұлы мәлімдеді.
«Төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде бірнеше мемлекеттік қызметтерді көрсету осы әлеуметтік-еңбек саласында egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. Аталмыш қызметтердің барлығы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ арқылы онлайн түрде жүзеге асырылатын болады. Осы қызметтерді алу барысында қызмет алушы электрондық порталда стандартқа сәйкес өтініш толтырады және қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса салып, электронды цифрлы қолтаңбамен қол қояды.
Алушы өзінің өтінішінде тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік корпорация филиалын көрсетеді. ЭЦҚ қойылған өтініш пен электронды құжатар электронды документ айналымы арқылы мемлекеттік корпорацияның филиалдарына жолданады. Әрі қарай аудандық,қалалық филиал бөлімше мамандары 2 жұмыс күнінде құжаттардың стандартқа сәйкестігін тексеріп,уәкілетті органга бекітуге жолдайды», – деді Айдын Қайруллаев.
Қазақстандықтарға бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 80%-ы электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0 боты арқылы алуға болады. Егер онлайн қызметтерді электронды түрде алу жолдарын білмеген немесе түсінбеген жағдайда 1414 байланыс орталығына хабарласуға болады.