Қазақстанда коронавируспен ауырғандардың көпшілігі шетелге шықпай, ел ішінде жұқтырған
Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 294-ке жетті, деп хабарлайды ҚР Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті.
«30 наурыз сағат 15:00-дегі жағдай бойынша, елімізде коронавирус жұқтырудың 294 фактісі тіркелген. Оның 68-і сырттан жұқтырып келсе, 123 оқиға - науқаспен байланысқан адамдарда тіркелді. 103 оқиға - жергілікті аумақта жұқтырған» делінген комитет хабарламасында.
Нұр-Сұлтан қаласында – 167
Алматы қаласында – 73
Шымкент қаласында – 2
Ақмола облысы – 9
Ақтөбе облысында – 2
Алматы облысында – 7
Атырау облысында – 12
Шығыс Қазақстан облысы – 2
Жамбыл облысында – 3
Батыс Қазақстан облысында – 2
Қарағанды облысы – 7
Қызылорда облысы – 5
Маңғыстау облысы – 1
Павлодар облысында – 1
Солтүстік Қазақстан облысында – 1.