Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Министр елімізде 3,5 мың адам COVID-19 инфекциясына шалдығуы мүмкін екенін айтты

Министр елімізде 3,5 мың адам COVID-19 инфекциясына шалдығуы мүмкін екенін айтты

Kyzylorda-news.kz. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстандағы коронавируске қатысты жағдай бойынша болжамын мәлім етті. Ведомствоның есептеуінше, елімізде COVID-19 инфекциясына шалдығатындардың саны 3 500 адамнан аспайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Елжан Біртановтың айтуынша, бастапқыда Қазақстан бойынша болжамдар аса «қатаң» болған. Себебі, бір адам бірден үш немесе төрт азаматқа жұқтыру мүмкін еді. Алайда, еліміздің бірнеше қаласы мен облыстарына карантин мен ТЖ режимі енгізілгеннен кейін болжамдар жақсара түскен.
Министрлік басшысы эпидемияның шарықтау шегі сәуір айына келіп түсетінін мәлімдеді. Қазақстан індеттің жайылуы тоқтағаннан кейін де, вирустан толығымен құтылу мақсатында төтенше жағдай мен карантин режимін сақтауды жалғастыратын болады.
Елімізде коронавируске шалдығатындардың саны 3500 адамнан аспайды деп күтілуде. Қазіргі таңдағы басты мақсат - індеттің шарықтап кетуіне жол бермеу. Бұл жағдай орын алса дәрігерлердің жұмысы ауырлап, дәрі-дәрмек саны айтарлықтай азая түспек.
Біртановтың айтуынша, бүгінде Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың ең көп оқиғасы 28 наурызға келіп түсті. Ол күні бір тәулік ішінде 78 науқас тіркелген болатын. 29 наурыз күні қауіпті вирусты 56 адам жұқтырғаны белгілі болды.
Еске сала кетейік, бүгін Қызылорда облысында осы қауіпті індетті жұқтырған 8-ші науқас тіркелді.
31 наурыз 2020 ж. 212 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области