Қызылордадағы карантин: «Тұңғыш Президент саябағы» тұсындағы блок-бекеттің қайнаған өмірі (ФОТО)

Облыс аумағында карантин жарияланып, Қызылорда қаласы шекарасы бойынша 5 санитарлық блок-бекет орналастырылғаны баршаға мәлім. Осыған орай, қала аумағында орналасқан 5 блок-бекеттің барлығында да ұзын-сонар кезек қалыптасқан.
Сондай блок-бекеттердің бірі – «Тұңғыш Президент саябағы» жанындағы көліктік айналма жолдағы қызу тіршілік пен қайнаған өмірді таспаға басқан танымал фотограф Нұрболат Нұржаубайдың фоторепортажын назарларыңызға ұсынамыз.








