Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Путин коронавирус жұқтыру қаупіне байланысты қашықтан жұмыс істеуге көшті

Путин коронавирус жұқтыру қаупіне байланысты қашықтан жұмыс істеуге көшті

Kyzylorda-news.kz. Ресей президенті Владимир Путин SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтыру қаупіне байланысты қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшті деп хабарлайды DW.
«1 сәуірде үкімет мүшелерімен кездесу телеконференция арқылы өтті», деді Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
«Президент Ново-Огаревода болады және телекөпір арқылы үкіметтің жетекшілерімен, министрлер кабинеттерімен жұмыс істейді, шенеуніктер де жұмыс орындарында болады», - деді Песков.
Оның айтуынша, коронавирустың таралуына байланысты Путин сәлемдесу тәсілін өзгерткен. Ресей басшысының әзірге жеке кездесулерде қол беріп амандаспайтыны белгілі болды.
«Қазір барлығы әлеуметтік қашықтықты сақтайды», - деп сөзін толықтырды Песков.
Песков коронавирусқа арналған күнделікті сынақтарды Путиннің тапсыратынын жасырған жоқ.
«Әрине, біз сақтық шараларын қолданамыз, кез келген жиналыстарды болдырмаймыз, мұны мүмкіндігінше қашықтан жасауға тырысамыз», - деді ол.

02 сәуір 2020 ж. 205 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области