Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде әкімдіктің үш қызметкері коронавирус жұқтырған

Елімізде әкімдіктің үш қызметкері коронавирус жұқтырған

Kyzylorda-news.kz. Елімізде коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар арасында әкімдік қызметкерлері бар екендігі анықталды. Мәселен, Петропавлда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 3 қызметкері коронавирус жұқтырған.
Өңірлік Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бастапқыда 31 наурызда бөлімнің бір қызметкерінен коронавирус анықталған. Кейін тағы екеуі жұқтырған.
«Пневмонияға шалдыққан әйел жұмыспен қамту бөлімінде жұмыс істейді. Оның екі әріптесі 49 және 45 жастағы әйелдер. Олар вирусты жұмыста жұқтырып алды деп болжап отырмыз», - деді СҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Сұлтанғазиев.
«Пневмонияға шалдыққан әйел жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Онымен байланыста болған 73 адам да оқшауланды. Барлығынан сараптама алынды», - деді ол.
Сондай-ақ, брифинг барысында жұмыспен қамту бөлімінің оқшауланып, қажетті дезинфекциялық жұмыстар жүргізілгені айтылды.
Айта кетейік, Қазақстан бойынша вирусты 402 адам жұқтырған.
02 сәуір 2020 ж. 185 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области