Арал ауданында бетперделер тегін таратылуда
Kyzylorda-news.kz. Еліміздегі Төтенше жағдай кезінде Арал ауданында бетперде тапшылығын болдырмау үшін жеке кәсіпкер Мейрамбек Жұмашевтің қолдауымен 5000 дана бетперде жергілікті тігін шеберханаларында тігілуде.
Дайын болған бетперделердің барлығы тұрғындардың қажеттілігіне қарай тегін таратылатын болады.
Бүгін аудандағы ерікті жастар орталық базар маңы мен халық көп жүретін аймақтарды аралап, дайын болған 500 бетпердені тұрғындарға тарту етті.
Сондай-ақ, еріктілер тұрғындарға індеттен қорғану жолдары жазылған арнайы таратпа қағаздарын ұсынып, көшеге ретсіз шықпау және адамдар көп жиналатын жерлерге бармау қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, көше тазалықшыларына 260 бетперде тегін таратылды.
Атап өтейік, Жаңа ауыл мөлтек ауданындағы «Аружан» тігін шеберханасында тұрмыс жағдайы төмен және мүмкіндігі шектеулі жандарға бетперделер тегін берілуде.