Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық тоғызқұмалақшы онлайн жүйеде бақ сынасады

Қызылордалық тоғызқұмалақшы онлайн жүйеде бақ сынасады

Kyzylorda-news.kz. Елдегі карантинге байланысты Мәдениет және спорт министрлігінің «Бірге еңсереміз» атты жобасы аясында тоғызқұмалақтан Қазақстанның ерлер мен әйелдер арасындағы ұлттық құрама командалары арасында онлайн жүйеде жолдастық кездесу өтеді.
Қазақстан тоғызқұмалақ федерациясының ұйымдастыруымен өтетін жолдастық кездесуге Сыр спортшысы, Әлем чемпионатының жүлдегері, ашық Азия Кубогының жеңімпазы Бексұлтан Бостандықов қатысады.
Ойындар 4 сәуір – 2 мамыр аралығында әр сенбі күні сағат 16:00-17:00-де iggamecenter.com сайтынан және тоғызқұмалақтан ҚР бас жаттықтырушысы – Серік Ақтаевтың Instagram-дағы @aktayevserik парақшасынан тікелей эфирде көруге болады.
06 сәуір 2020 ж. 175 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области