Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстандықтар енді коронавирус белгілерін анықтау үшін онлайн сауалнамадан өте алады

Қазақстандықтар енді коронавирус белгілерін анықтау үшін онлайн сауалнамадан өте алады

Kyzylorda-news.kz. Енді «Электронды үкімет» порталының eGovMobile мобильді қосымшасында коронавирус белгілерін анықтау үшін онлайн сауалнамадан өтуге болады. Онлайн диагностикалау қызметі үш тілде іске қосылған деп хабарлайды NUR.KZ.
Қызметтің бұл түрі – Денсаулық сақтау министрлігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының нәтижесі.
Коронавирустың белгілерін анықтау бойынша өзін-өзі онлайн диагностикалау қызметі eGovMobile қосымшасының басты бетінде «COVID-19 белгілері бойынша сауалнама» атауымен жеке батырма ретінде орналасқан.
Қызмет үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) қолжетімді. Сауалнаманы толтыру үшін азаматтар 12 сұраққа иә/жоқ деп жауап береді, қажет болған жағдайда жеке ақпараттарды енгізеді.
Толтырып болғаннан кейін «Сауалнаманы жіберу» батырмасын басу керек.
Ақпарат ары қарай өңдеуден өту үшін Денсаулық сақтау министрлігіне түседі. Сонымен қатар, азаматтар eGovMobile арқылы «COVID-19 картасы», «COVID-19 туралы FAQ» қызметтерінен коронавирус туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала алады.
Сондай-ақ мобильді қосымша нақты уақыт режимінде Қазақстан аумағындағы вирустың таралу жағдайы мен ауру расталғандармен қатынаста болғандар жайлы өзекті ақпараттарды ұсынады.
06 сәуір 2020 ж. 199 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области