Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сыр дихандары төтенше жағдайға қарамастан қызу еңбек етуде

Сыр дихандары төтенше жағдайға қарамастан қызу еңбек етуде

Kyzylorda-news.kz.Ел еңсесі түскен сын сағатта жұмыла көтеріле жұмыс жасап жатқан сала өкілдері баршылық. Іштен «иә» деп бас изеп отқан боларсыз. Оларды тізбектер болсақ, бірінші кезекте дәрігерлер, әскери қызметкерлер т.с.с.
Тізімге ерекше бөліп қосатын тағы бір сала өкілдері бар ол – ауыл шаруашылығы қызметкерлері. Егіндіктің басында жұмыс қызу жүріп жатыр. Күн-түн демей жер жырту, тегістеу, таптау, егу жұмыстары – жоғары өнім алу жолындағы қарқынды процесс.
Соның бір дәлелі – Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тәжірибелік алаңқайында жүргізілуде. Былтыр 2 гектар жерге сынақ ретінде егілген қант құмайы (сахарное сорго) дәл қазіргі сәтте 100 гектар аумаққа егілу үстінде.
«Қант құмайы қандай дақыл деп ойлап отырған боларсыз. Пайдасы мен тиімділігі – біздің ауызда, сіздің назарыңызда. Шығу тегінде Солтүстік-Шығыс Африкада 5 мың жыл бұрын, Эфиопия-Египет аймақтарында өсіріле бастаған. Ауыл шаруашылығы тәжірибесінде біржылдық дақыл құмай, астық, қант, сыпырғыш және шөп (судан шөбі) болып бөлінеді. Бұл дақыл өнімділігімен, ыстық және құрғақшылыққа төзімділігімен, егіннің тұрақтылығымен, жақсы жемдік қасиеттерімен және пайдаланудың әмбебаптығымен ерекшеленеді. Қанттылығы сортына қарай 20%-ға дейін болатын қант құмайын 3 рет орып сүрлемге дайындауға болады», – дейді институт мамандары.
Тұқымның өнімділігі – 2-3,5 т/га, сабақтары – 25-тен 45 т/га дейін, қант құрамы – 10-12%, құрғақ заттар – 16-19%, тазалығы – 75-79%. Сорттардың өсу кезеңі – 120-135 күн, ол өсіру аймағына және себу мерзіміне байланысты. Тұқым себу нормасы – 2,5-тен 30 кг/га дейінгі ауытқумен 7-10 кг/га.
Ол тіпті тұзданған топырақта да өседі, жиі құрғақшылық аймақтарда көп кездеседі екен. Әлем мысалында Аргентиналық әдіс жиі ұшырады. Ол елде Рома, Рамада, Рио және басқа да АҚШ селекциясының сорттары кең таралған. Ал біздің аймақтың ахуалында бұл дақылдан түсер пайда орасан зор. Оның жай-жапсарын институт ғалымдарының жіті бақылауда көрінеді.
«Үстіміздегі жылы бірге жұмыс жасап, ғылым мен өндірісті ұштастыру арқылы табысты боламын десеңіз есігіміз әрдайым ашық», – дейді институттағылар.


06 сәуір 2020 ж. 146 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области