Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Президент жарлығы: Қызылордада арнайы жиынға 40 әскери міндетті шақырылады

Президент жарлығы: Қызылордада арнайы жиынға 40 әскери міндетті шақырылады

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 сәуір 2020 жылғы «Әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы» №296 Жарлығына сәйкес, Қызылорда қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен әскери есепте тұрған міндеттілерді зерделеу және іріктеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы аталған басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.
«Қызылорда қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы Қызылорда облысы әкімінің сұранысына сәйкес, 40 әскери міндеттіні арнайы әскери жиындарға шақыртады. 2020 жылғы 7 сәуірден бастап әскери міндеттілер Қызылорда қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының медициналық куәландыру комиссиясынан өткізілетін болады», – делінген аталған хабарламада.
Айта кетейік, Қызылорда облысында арнайы әскери жиындар 8 сәуірден 8 мамырға дейін өткізілетін болады.
Туындаған сұрақтар бойынша Қызылорда облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің Call-центр орталығына мына телефон бойынша хабарласауға болады: 24-73-38.
06 сәуір 2020 ж. 262 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области