42500 теңге: Қызылорда облысында жеке Telegram-бот іске қосылды
Kyzylorda-news.kz. Әр өңір 42500 теңге көлеміндегі жәрдемақыға өтінім қабылдау үшін жеке Telegram-боттарды іске қосты.
Цифлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, Telegram арнасындағы Bot-қа жүктемені азайту мақсатында әр өңір бойынша чат-Bot-тарды ашу шешілген.
«Өтінім беру алдында өз аймағыңызды таңдауыңыз қажет. Сондай-ақ, Еgov.kz және 42500.enbek.kz сайттары арқылы да өтінім қабылдау жалғасуда. Сіздерден тексерілген сілтеме арқылы өтулеріңізді сұраймын, себебі кейбір «пысық» азаматтар өз арналарына жазылушыларды көптеп тарту үшін фэйк аккаунттарды іске қосуда», - деп жазды ведомство басшысы Facebook-те.
Айта кетейік, Қызылорда облысының тұрғындары 42500 теңге жәрдемақыға мына Telegram-бот бойынша өтініш бере алады:
https://t.me/Qyzylorda42500Bot (Қызылорда облысы)