Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сақтапберген Жұбатқанов: «Береке мен бірлігіміз бәрін де жеңеді»

Сақтапберген Жұбатқанов: «Береке мен бірлігіміз бәрін де жеңеді»

Kyzylorda-news.kz. Елбасымыз өз мақаласында отандастарымызды сабырлыққа шақырып, елде коронавирусқа қатысты жағдай тәулік бойы бақылауға алынғанын мәлімдеді. Бұл мақала бізге болашаққа деген сенім береді.
Елбасымыз атап өткендей, «Бұл – бүкіл әлем мемлекеттеріне түскен зор ауыртпашылық. Біз оны осындай сын сағатта септігін тигізетін халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімі арқасында жеңіп шығамыз», дей келе береке-бірліктің алмайтын қамалы, бағындырмайтын биігі болмайтынын атап өтті.
Сонымен бірге еліміздің Тұңғыш Президенті Қазақстан халқына жолдаған өзінің ақ тілеулі сөзінде халықты ынтымаққа шақырып, жақсылыққа, ізгі амалдар жасауға, саламатты өмір салтын ұстануға үндеді.
Елбасының мақаласын негізге ала отырып айта кеткім келеді. Қазақстанда халықтың бақытты болашағы үшін барлық жағдай жасалған. Бұл ретте, Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі үлкен. Береке мен бірлігіміз бәрін де жеңеді! Сондықтан, бәріміз бір адамдай жұмылып, қауіпті індетпен күресуіміз қажет.

Сақтапберген ЖҰБАТҚАНОВ,
Қырғыз этномәдени бірлестігінің жетекшісі
08 сәуір 2020 ж. 198 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области