Ауа райы: Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады
Kyzylorda-news.kz. Сәуірдің 10-ы күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде қар, жауын жауып, елдің батысында ғана күн ашық болады.Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейіп, оңтүстік-батыста, және оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі.
«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, Қызылорда облыстының бірқатар аумақтарында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз шаңды дауыл көтеріледі.

























