2018 жылы шыққан корейлік сериалда коронавирус жайлы айтылған (видео)
Kyzylorda-news.kz. 2018 жылы Netflix-те эфирге шыққан Оңтүстік Кореяның «My Secret Terrius» телехикаясында коронавирустық пандемияға болжам жасалған.
Сериалдың оныншы түсірілімінде қолдан жасалған ауру туралы айтылады. Бұл CoViD-19 дертіне өте ұқсас. Аурудың басты ерекшелігі – соңы өлімге әкелетіні. Сериалда аурудың террористердің араласуымен болатыны айтылады. Оның үстіне, бұл шынайы өмірге қарағанда әлдеқайда жұқпалы.
53-минуттан басталған бір көріністе дәрігер вирустың тыныс алу жүйесіне әсер ететінін айтады. Тіпті инфекцияның инкубациялық кезеңі де болжалды - екі күннен 14 күнге дейін делінген.
«Вирус жұқтырғаннан кейін бес минут ішінде өкпеге зақым келтіреді», - дейді дәрігер.
Сонымен қатар, дәрігер қазіргі уақытта вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер мен вакциналар жоқ деп жауап береді.
Келесі кезекте балаларға вирустың таралмауы үшін қолды қалай жуу керектігі көрсетіледі.
Айта кету керек, CoViD-19 бұл адамзат анықтаған коронавирустардың алғашқысы емес. Осы вирустың басқа түрлері, мысалы, SARC-CoV, 2002 жылы коронавирустың өршуіне себеп болған.