Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Дәрігер қолдан жасалған антисептиктің зиянын айтты

Дәрігер қолдан жасалған антисептиктің зиянын айтты

Kyzylorda-news.kz. Ресейлік фармаколог дәрігері Игорь Федоров үй жағдайында дұрыс дайындалмаған антисептиктің коронавирусты өлтіре алмайтынын мәлім етті, деп хабарлайды NUR.KZ.
«Ең бастысы, мұндай құралдарды үй жағдайында дайындамаңыз, себебі спиртті дұрыс мөлшерде қосып, дұрыс үйлестіре алуыңыз екіталай. ДДСҰ бізге құрамы 62 пайыздан асатын спирт қана вирусты жоя алатынын, қалған антисептик инфекцияны өлтіруге қауқарсыз екенін айтады», – дейді Федоров.
Оның сөзінше, антисептик дұрыс дайындалмаса, сақтануға көмектесе алмайтын көрінеді.
«Сіз қолыңызға антисептик сеуіп, қолыңызды тазартқандай боласыз, ал шын мәнінде, қолыңыз еш тазармады, және бұл өміріңіздегі үлкен қателік болуы мүмкін. Сондықтан спирттің негізінде жасалған кез келген антисептик құралын сатып алыңыз, ол вирусты санаулы минут ішінде жоқ қылады», – деп түсіндірді фармаколог.
Сондай-ақ, Федоров құрамында спирт жоқ антисептиктердің неліктен нашар екенін айтты.
«Құрамында спирті жоқ антисептиктер жайлы айтсақ, олардың құрамында хлогексидин болады, ал ол өз кезегінде тек кейбір бактерияларды жояды, ал вирусқа қарсы мүлде әсер етпейді», – дейді дәрігер.
15 сәуір 2020 ж. 213 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области