Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛ АУМАҒЫНДА АЯЗ КҮШЕЙЕДІ

ЕЛ АУМАҒЫНДА АЯЗ КҮШЕЙЕДІ


Синоптиктер Қара теңіз арқылы қалыптасқан ауқымды және өте суық антициклонның өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде аяз болатынын мәлім етті, деп хабарлайды https://baq.kz/  ақпарат агенттігі.
Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Орал қаласында оңтүстік -шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін жетеді.
24 қаңтарда тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп болжанады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз болып, түнде -35-40°С, 24-26 қаңтарда жетуі мүмкін.
22-26 қаңтар аралығында Қостанай облысында түнде -33-38°С, күндіз -20-25°С болады.
Астана қаласында түнде -35-40°С, күндіз -27-32°С жетеді.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95 %.
Алматы, Жамбыл облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында ауа температурасы түнде 15-20, кей жерлерде 25-30 градус аяз болады.  Кей жерлерде 30-35 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін.
Ақмола, Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, жел 15-23 м/с күшейеді.
Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел жел күшейіп, тұман түседі.
Маңғыстау, Павлодар, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

24 қаңтар 2018 ж. 717 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области