Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда қаласы білім бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Қызылорда қаласы білім бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Kyzylorda-news.kz. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың №20-41-9.52 санды қарарына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-1-бабына сәйкес Қызылорда қаласы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушысы болып Баймұрзаева Динара Қонақбайқызы тағайындалды.
Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат Камбозұлы жаңа басшыны онлайн конференция арқылы директорлар мен балабақша меңгерушілеріне таныстырып, тағайындады.
Динара Баймұрзаева 1982 жылдың 20 маусымында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары.
Еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған. Мектеп директорының орынбасары, қалалық білім бөлімінің әдіскері, бас маманы, Басқарманың бөлім басшысы, мектеп директоры қызметін атқарған.
Осы кезге дейін 3 тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар «Мұрагер» мектебінің директоры қызметінде болған.
17 сәуір 2020 ж. 312 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области