Қазақстанда күн 33 градусқа дейін ысиды
Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК 18-20 сәуір күндергі ауа райы болжамын ұсынды.
«Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс аймақтары Атлант мұхитынан келетін циклонның ықпалында болады. Осыған орай, найзағай, екпінді жел және жаңбыр күтіледі. Республиканың қалған аймақтарында ауа райы қолайлы, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы солтүстікте +20...+28 жылыға дейін, ал оңтүстікте +25...+33 жылыға дейін көтеріледі. Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі», - делінген синоптиктердің мәліметінде.