COVID-19: Қармақшыда тағы 1 адам жазылды, жалпы саны 25-ке жетті
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 25 адамға жетті. Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқас – Қармақшшы ауданынан.
20 сәуір 15:00-дегі ақпарат бойынша Қызылорда облысында тағы 1 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан. Осылайша қауіпті індеттен айыққандар саны өңірде 25 адамға жетіп отыр.
Айта кетейік, Қызылорда қаласында – 6, Жаңақорған ауданында – 13, ал, Шиелі және Қармақшы аудандарында – 3 адамнан осы індеттен емделіп, үйлеріне шығарылған.
Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.